Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Болашақ ұрпақты қазаққа қарсы тәрбиелегісі келетін кімдер?

8264b3510ef067949e81b19afee64070

Дандай Ысқақ

Ғалым „Қазақ үні„ ұлттық порталына берген сұхбатында білім саласындағы үштілділік жайына қатысты көзқарасын да білдіреді.

Бұл ретте Дандай Ысқақ ұлт ұпайын түгендейтін азаматтарды жоғары жаққа жақындатпауға тырысатындығымызға, себебі,

билік төңірегіндегі кейбір орысшыл күштер қандай мәселеге болса да бас шұлғи беретін мәңгүрттерді тәрбиелеуге мүдделі

екендігіне баса назар аудартады.

– Қазіргі біздің елімізде биліктің тізгінін қолға ұстаған азаматтардың дені орыс немесе ағылшын тілдерінде сөйлегенді мәртебе санайды.

Ал ұлт сойылын соятын азаматтар ол жаққа көп жақындатылмайды.

Егер ел болашағын ойласақ, онда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын ұлт зиялыларын билікке бір табан болса да жақындата түсуге күш салғанымыз жөн. Өкінішке қарай, ұлт қамын жейтін азаматтардың жолын кес-кестеу арқылы жергілікті халықтың басты құндылықтары – тілімізге, тарихымызға қатысты кереғар жобаларды жүзеге асыруға әрекеттер жасалып жатыр. Дегенмен, ел бұл тұрғыда Елбасына сенеді. Өйткені, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп білетін мемлекет басшысы мұндай қауіпті қадамға бармайтыны анық, – дейді ол.

Сондай-ақ профессор тәуелсіз Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің 50 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы – орыс, 20 пайызы ағылшын тілдерінде оқытылуы – көңілге қонбайтынын, түптеп келгенде, оның Ата заңымызға да, Тіл туралы заңға да, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасы бағдарына да қарама-қайшы екендігіне баса назар аудартады.

– Бұл арада бала санасына бастауыш сыныптан бастап ағылшын тілін тықпалау қауіптілігі ескерілмеген. Бастауыш сыныпта білімнің негізі қаланатындықтан, осы кезде бала орыс тілін оқыса, оның санасы орыс әлемінде, ағылшын тілін оқыса, ағылшын әлемінде қалыптасып, сол дүниенің рухани болмысында өмір сүретін болады. Бұл тұрғыда біз де балаға негізгі пәндерді ағылшын тілінде оқытуды қолға алатын болсақ, ертеңгі күні балаларымыздың ұлттық тек арқылы келетін ойлау жүйесінің жан-жақты дамуына тосқауыл қоймаймыз ба?
Бұл мәселеге әлем елдерінің барлығы дерлік білім беру жүйесінде жете мән берген. Сондықтан да оларда өзге тілдерді 6-7 сыныптан бастап оқытады. Шет тіліне содан кейін барып көшеді. Демек,

ұлттық ойлау жүйесі дұрыс қалыптасқан жағдайда ғана оқушы өзге тілдерді оңай, әрі тез қабылдап алады.

Бұл тұрғыда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Өз тілінде білім алмаған бала, өз ұлтына қызмет ете алмайды» деген сөзді тектен-текке айтпағанын ескеруге тиіспіз. Яғни, біз осы жүйені, яғни бастауыш сыныптан бастап, оқушыларды толық қазақ тілінде оқытудың орнына бөлінген уақыттың жарымында орыс, ағылшын тілдерін үйретуді жүзеге асырар болсақ, өз ұлтымызға емес, өзге ұлтқа қызмет ететін ұрпақ тәрбиелейтін боламыз, – дейді ғалым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз