Бизнесмен Қайрат Жамалиевті «түрмеге тыққан» Әліби Жұмағұлов енді көлеңкесінен қорқып жүр

3 430 просмотров

Астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиев ісі бойынша атышулы жәбірленуші Әліби Жұмағұлов тағы да елдің басты жаңалықтарына шығып кетті. Бұл жолы Әліби Жұмағұлов өзімен бірге есірткі алып жүрген қызды полицияға тапсырды, деп жазады Today.kz.

18705727-2c15-44b8-9503-372fb585c942
Әліби Жұмағұлов

Әліби Жұмағұлов Астанада 21 жастағы қызбен әлеуметтік желі арқылы танысып, біраз уақыт хат жазысқаннан кейін 20 қазан күні кездесіпті.

Қыз Әлібидің көлігіне отырғаннан кейін, Әліби оны сұрақтың астына алған екен. Қыз өз сөмкесін ақтарған кезде Әліби оның ішінен кішкентай пакетті байқап, «оның ішінде не бар» деп сұрапты. «Бұл марихуана, өзім үшін сатып алдым», деп қыз шындығын айтса да,

қыздан шошыған Жұмағұлов оны уәде бойынша ресторанға апарудың орына учаскелік полицейге тапсырыпты.

 

Загрузка...