Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Біздің таңдау – үш тілділік! Қазақстан жастары конгресінің үндеуі

288

pogudx5nj9g6hn662.816ca0a3Қазіргі таңда ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіну үшін министр немесе ғалым болудың қажеті жоқ. Мұны Қазақстанның әр жас азаматы түсінеді! Үш тілді білу – заман талабы, ол келешекке жол ашады.

Болашақта Қазақстанды жаңа буын дамытады, сондықтан ертең әлемнің алдыңғы қатарлы, заманауи жастарымен бір деңгейде болу үшін біз нені, қалай үйренетінімізге, өзіміздің болашағымызға немқұрайлы қарай алмаймыз!

Егер кімде-кім Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жас ойшылдар мен өрендерге емес, бізді тәрбиелеп, оқытатындарға арналған деп ойласа – қателеседі.

Ең әуелі, бұл бізге қатысты және жастарға жаңа жолдар ашады.

Көптеген елдерде жастар бірнеше халықаралық тілдерді біледі,

онда неге біз үшін ағылшын тілін меңгеру – таңсық, іске асырылмайтын тапсырма болу керек?

Жоқ, олай емес, біз бәсекеге қабілетті, әлемдік кеңістікте өзін еркін таныта алатындай деңгейде болғымыз келеді. Қазақстан жастары биік белестерді бағындыруға дайын, бірақ ол үшін үлкен өзгерістер қажет – біз  ондай өзгерістерге дайынбыз!

Президент Н. Назарбаев еліміздің жастарына қажетті жағдай жасап, жан жақты қолдау көрсетіп отыр. «Болашақ» – әлемде теңдесі жоқ бірегей бағдарлама. Бүгін біздің үндеуімізге «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар да қосылуда:

«Туған жерімізден жырақта жүрсек те біз қазақ тілінің маңызын, оны дамытудың қажеттігін түсінеміз. Жаңа ғасырдағы мемлекетке бірнеше тілді меңгерген білікті, белсенді кадрлар қажет. Ертең ел ырысын еселеу үшін, біз шетелде заманауи, сапалы білім алудамыз.

Біз үш тілде білім беру жүйесін енгізу бастамасын қолдаймыз – шетелде оқу кезінде ағылшын тілінің аса қажет екенін толық сезіндік.

Қазір табысты, заманауи адамға басты қажеттіліктердің бірі – халықаралық тілдерді білу. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы – елімізді ілгерілететін қозғаушы күш. Бағдарлама келешекте ғылымдағы, технологиядағы халықаралық трендтерді Қазақстанда қолдану үшін бізге, яғни, жастарға әлемдегі озық университеттерде білім алуға зор мүмкіндік жасап отыр».

Бүгінде шетелге шығып, үздік білім алуға мүмкіндік беретін әртүрлі халықаралық бағдарламалар бар. Көп ретте сол бағдарламаларға қатысуға кедергі болатын негізгі фактор – ағылшын тілін жетік білмеу. Қазақ және орыс тілдерін дамыту үшін біздің қоғамымызда толық жағдай бар, осы тілдерді меңгеру дағдысын бұл ортада қолдана аламыз. Бірақ халықаралық тілде сөйлесу тәжірибесі осы уақытқа дейін бізде болған жоқ, ал үш тілде білім беру жүйесін енгізу ағылшын тілін меңгеріп, оны күнделікті тұрмыста қолдануға мүмкіндік туғызады. Өйткені тілді тек ағылшын тілі сабағында қолдану бір басқа, ал сол тілде химия, биология, физика пәндерін оқу – мүлдем басқа. Халықаралық тілді игеруді әлемдегі замандастарымыздың білу деңгейіне жеткізудің басқа жолы жоқ.

Бұл бағдарламаның әділдігі жаңа сапалы білім алудың ауылдағы және қаладағы оқушыларға бірдей қол жетімділігінде.

Сонымен қатар, енгізілетін басқа өзгерістерді де жағымды жаңалықтар деп қабылдаймыз – олар уақыт талабына сай. Жаңа оқу бағдарламасы жастарды отбасы құндылықтарынан, өзінің түп-тамырынан алшақтады деп қауіптенетіндер болса, бізге үйде жиі болуға, ата-анамызбен, ата-әжелерімізбен етене араласуға көбірек уақыт бөліңіздер. Бес күндік оқу аптасына көшу осындай мүмкіндік туғызады.

Біз жас болсақ та, өмірге өзгерістер енгізудің оңай емес екенін толық түсінеміз. Әрине, өзгеріссіз, үйреншікті өмір сүру әлдеқайда жеңіл. Жолымызда қандай қиындықтар кездессе де, олар тәуелсіздік алған кезде жеңген қиыншылықтармен салыстыруға келмейді.

Жұмыла жұмыс жасасақ, біз мықты, өзіне нық сенімді, бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыруда жаңа жетістіктерге жете аламыз.

Қазақстанның барлық жастары «Болашақ» бағдарламасының стипендияттарындай болса, еліміз болашаққа қарышты қадам басады. Біз болашаққа кәміл сенеміз!”.

Үндеуге қол қойғандар:

  • Қазақстан жастарының конгресі, төраға – Айдын Сабитов (15 000 адам)
  • «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы, төраға – Рахат Хамидуллин (750 адам)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы
  • Атқарушы директор міндетін орындаушы – Божаков Азамат Әбдібекұлы (250 адам)
  • «Жас Ұлан» Біріккен балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
  • төраға – Динара Садуақасова (2000 адам), Қазақстанның неміс жастары кеңесі төраға – Рубен Бахман (2000 адам)
  • Жастар іскерлік кеңесі, төраға – Қайырболат Сахметов (500 адам)
  • Қазақстан студенттерінің альянсы, төраға – Мержан Әбілқас (1500 адам)
  • «Павлодар Альянс» Француз орталығы, төраға – Дмитрий Корепанов (500 адам)
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы -Руслан Тезекбаев (70 адам)
  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, ЖІК төрағасы – Алтынбек Бисенов (95 адам)
  • Халықаралық бизнес университеті, Жастар саясаты орталығының жетекшісі – Диана Оспанова (210 адам)
  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ЖІК төрайымы Әсем Асқарбаева – (50 адам)
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ЖІК төрағасы – Рустам Бузяков (80 адам)
  • С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, ЖІК төрағасы – Шыңғысхан Қабдықалықов (60 адам)
  • О.Жәутіков атындағы РФММ, Мектеп кеңесі президенті – Асқар Серікханов (250 адам)
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз