Алматыда жолақысы 200 теңгеге көтеріледі деген ақпарат оқып едім. Ақылға сыйымсыз ғой.
100 теңге болса да, халықтың қалтасы көтермейді. Сосын бар ғой, анау шетелдегідей 3 минут сайын жүріп тұрса мейлі екен ше. Сығылысып, қымтырылып, ұят та болса айтайын, біреулердің қолтығын иіскеп баратын жеріңе ит боп жетесің ғой. Жолаушыға жағдай жасап, жиі жүріп тұрса бірсәрі екен. Бізде қоғамдық көлік мәдениеті жоқ. Сөйте тұра бағаны өсіруге мықтымыз. Неге?
Динара Мыңжасарқызы
Facebook-тегі парақшасынан