Биыл қыс ерте түседі әрі қар қалың жауады — Қазгидромет

1 805 просмотров

Қазақстанда қараша айының ортасы қарлы болады.

Бұл туралы Қазгидромет мекемісінің директоры Марина Шмидт мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазгидрометтің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, биылғы қыс Қазақстанда қарлы болады және ерте түседі.

„Қарашада күн райы тұрақсыз болады, жауын-шашын жиі түсіп, соған байланысты еліміздің басым бөлігінде климаттық нормаға сай температура орнайды, ал жауын-шашын нормадан асып түспек„ — деді Марина Шмидт.

Желтоқсанда орташа ауа температурасы бір градусқа нормадан жоғары болады, тек Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарының оңтүстік бөліктері бұл тізімге кірмейді. Шығыс Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын аз болады, ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облысының басым бөлігінде жауын-шашын нормадан тыс болады деп күтілуде.

Қаңтар мен ақпан айларында қатты аяз болады деп күтілетіндігін Марина Шмидт баса айтады. Ақпан айында орташа температура Батыс Қазақстан облысы, Атырау және Маңғыстау облыстарында климаттық нормада болады, ал өзге аймақтарда Цельсий бойынша бір градусқа төмен болмақ.

Загрузка...