Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Биылғы оқу жылындағы каникулдардың күндері белгіленді

755

Оқу жылы барысындағы каникулдар ұзақтығы мен күні белгіленді.

Оқушылардың күзгі демалысы 7 күнге созылады: 2016 жылғы 31 қазаннан – 6 қарашаны қоса алғанда, қысқы – 10 күн: 2016 жылғы 30 желтоқсаннан – 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда, көктемгі – 13 күн: 2017 жылғы 21 наурыздан – 2 сәуірді қоса алғанда.

Мектепалды сыныптарда көктемгі каникул 15 күнге созылады: 2017 жылғы 21 наурыздан – 4 сәуірді қоса алғанда. Сондай-ақ, мектепалды даярлық сыныптарының оқушылары мен 1-сынып шәкірттеріне қосымша 7 күн каникул белгіленеді: 2017 жылғы 1 ақпаннан 7 ақпанды қоса алғанда.

2016 жылғы 1 қыркүйекте барлық мектептерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болады. Сонымен қатар бүкіл Республика бойынша «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен өз Отанымның патриотымын» бірыңғай білім беру сабағы өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз