Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Биылғы „Алтын тұлпар„ аламан бәйгесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады

178

Аламан бәйге халыққа тікелей эфирден көрсетіледі. 1 тікұшақ жарыс жолын үстінен айналып жүріп, бәйге аттарын биіктен бақылап камераға түсіреді. Көрермендер мен ат иелері өз жүйріктерінің қай тұста шауып бара жатқандығын жарыс алаңында орналастырылған ЛЭД экраннан бақылауға мүмкіндік қарастырылған.

Аламан жарысқа еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүліктен қатысады. Жарысқа жүйрік тұқымдардың барлығы қатыстырылады. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға диплом және қаржылай жүлде беріледі.

Аталмыш шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы» және «Киікбай сыншы» атындағы арнайы жүлделер бар.

Жарыс өтетін жерге жолаушылар тасымалдайтын автобус қатынайды. Жарыс кезінде концерттік бағдарлама, қолөнер көрмелері және тойшыл қауымға арнап қымызмұрындық, ұлтық тағам түрлерінен фестиваль ұйымдастырылады.

Былтыр қыркүйек айында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай ауылында өткен „Алтын тұлпар„ республикалық аламан бәйгесі Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына арналған болатын. Ол кезде бас жүлдені Жамбыл облысының шабандозы Ақжол Жұматай еншілеп, 10 миллион теңгені „қанжығасына байлаған„ еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз