Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Биыл Оңтүстік Қазақстаннан солтүстікке 700 отбасы көшеді

Президент бос тұрған лицейлерге балаларды көбейтіп, кәсіптік білім беруді қолға алуды әкімге тапсырды.
«Мәселе мынандай. Егер мамандығы болмаса ол жастар қалмайды. Қазір лицейлердің бәрі бос болып тұр. Соған балаларды апарып, 1,5 жылдың ішінде оқытуымыз керек. Бірінші мамандықты тегін береміз деп жарияладық. Сондықтан жастардың тегін мамандық алып, өндіріске тұруына көмектесу керек. Бұл үрдіс Павлодар, ШҚО, БҚО, Ақмолада жалғасуы тиіс. Сол кезде балалар сонда жұмыс істеп қалады», -деді Елбасы.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар істеліп жатқанын айтты.

«Жоспар бойынша Солтүстік Қазақстан облысына 101 отбасын көшіру болған. Дегенмен 111 отбасы көшіп келді. Енді Оңтүстік Қазақстаннан биылдың өзінде 700 отбасы көшіп келмекші», – дейді Ерік Сұлтанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз