2016 жылдың 11 айында Қазақстанда 71 спортшының сынамасынан допинг табылған. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан “Спорттық медицинадағы өзекті мәселелер” деп аталатын конференцияда Қазақстанның антидопинг ұлттық орталығының директоры Майра Бақашева мәлімдеді.
Орталық директорының айтуынша, допинг сынамасы оң нәтиже берген спортшылардың басым бөлігі белгілі бір уақытқа спорттан шеттелген. Биыл допингпен ұсталған 71 спортшының 34-інен мельдоний препараты табылған. Мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан рұқсат етілмеген препараттар тізіміне енгізілген.
Пекин ойындарының жүлдегері Ирина Некрасова, Мария Грабовецкая (екеуі де – ауыр атлетика), Таймураз Тигиев (еркін күрес) және Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі) те допинг дауына ілініп, олардың нәтижелері де жойылған.
ДЕРЕКККӨЗ: azattyq.org