Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Биыл Астанада апатты жағдайдағы үйлерден 601 отбасы көшіріледі

Қала басшысы жаңа тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген жер учаскелерін аралады, ескі және апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жыл соңына дейін баспаналы болады.

Қаланың бір бөлігін қалпына келтірудің пилоттық жобасымен тұрғын үйлер салу, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және қаладағы “ескі орамдарды” қалпына келтіру қарастырылған. Осылайша, елорда тұрғындары ақысыз негізде жаңа пәтерлерге (ауданы ескі үйдің ауданымен бірдей) ие болады, қала абаттандырылып жатыр, бұл ретте инвестициялар қаражаттың қайтарымдылығы қағидатымен жеке инвестордан тартылатындықтан жаңа тұрғын үйдің құрылысына бюджет қаржысы жұмсалмайды.

– Жоба жақсы. Енді нысандарды тапсыруды созбай, барлық мерзімдер мен кестелерді сақтау керек. Көшіп келетін отбасылар үшін инфрақұрылымның болуын қарастыру қажет, пайдалануға берілетін баспаналарда міндетті түрде балабақшалар мен спорт алаңдары болуы тиіс, – деді Әсет Исекешев.

“Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны жүзеге асырмас бұрын 2013 жылы қаланың тұрғын үй қорына талдау жүргізіліп, ведомствоаралық комиссиямен тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды апатты жағдайда және бұзуға жатады деп танылған негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден тозған тұрғын үйлердің тізімі жасалды.

Тізімге 1940-1970 жылдары салынған 228 баспана енді, олар 2018 жылға дейін іске асырылатын жобаның бірінші кезеңінде үлестіріледі. Ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша жобаның екінші кезеңі 2018-2020 жылдары жүзеге асырылады. Қазіргі кезде тұрғын үйлердің тізімі жасалып, 11 жоба әзірленіп, жетеуі дайындық үстінде.

Жобаланып жатқан тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 366,5 мың шаршы метр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз