Биыл Алматыда ядролық медицина орталығын ашу жоспарланып отыр. Егер бұл меже орындалса, елімізді отандық радиофарм препараттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ.
Оның айтуынша, орталықта қатерлі ісік ауруларын радиацияның көмегімен емдейтін дәрінің 10 түрі шығарылады. Мұндай препарттар өзге мемлекеттерде де шығарылғанымен, біздің ғалымдар өзіндік технологияны қолдану арқылы қолжетімді бағада өндіруді мақсат етіп отыр. Орталық еуропалық талаптарға сай болады.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
– Олар адамның ағзасына енгізіледі. Сол көрсетілген жерден жаман аурудың жасушалары жиналған жерге барып, өздерінің сәулелері арқылы оларды жойып, адамның денсаулығына көп көмек алып келеді. Яғни, ғұмыр жасын ұзартуға. Мысалы Sm негізіндегі препарттар адамның сүйектегі жаман ауруларды кем дегенде 20-30 күнге дейін тоқтатады.