Биыл 90 мың мұғалім қайта даярлаудан өтеді – Ж.Жонтаева

29 просмотров

Еліміздің білім беру жүйесі бойынша мектептерде 325 184 педагог маман жұмыс істейді.

Биылғы жыл бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 91 391 мұғалім өтетін болса, білім мазмұнын жаңарту негізінде 69 097 педагог өтетін болады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үштілді білім беруді енгізу бойынша 2016 жылы Назарбаев Университеті мен еліміздің 15 университеті кешенінде биология, химия, физика және информатика сабақтарының 675 мұғалімі үшін төрт айлық курстарды өткізу жоспарланған. Мұндағы басты мақсат – мұғалімдер арасында ағылшын тілін жетілдіру болып отыр.

«Елімізде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жыл сайын 10 млрд. теңге бөлініп келеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде біліктілікті арттыру мұғалімдерді өз ақшасына емес, мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асады», – дейді Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Загрузка...