Бішкектегі Қазақстан елшілігінде күзет күшейтілді

102 просмотров

Қытай елшілігі маңында болған жарылыстан соң Бішкекте  дипломатиялық өкілдіктер мен мемлекеттік ведомстволарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінен хабарлағандай, елшілікте  полиция бақылауы күшейтілген, сондай-ақ дипмисияның аумағын санкцияланбаған кіруден қорғу үшін қақпалардың алдына металл конструкциялар (антитаран) орнатылды.

Бүгін сағат 9.30-да Бішкекте орналасқан Қытай елшілігі маңында жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, құқық қорғау органдары оқиғаны теракт болуы мүмкін екендігін атап өтті. Мекеменің батыс қақпасын бұзып кіргісі келген Mitsubishi Delica көлігі жарылған.

Жарылыс салдарынан автокөлікте болған жүргізуші қаза тапқан және 2 адам зардап шеккен. Жүргізушінің аты-жөні анықталуда. Дипломаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Лаңкестікке қарсы орталық қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

20160830171203

Загрузка...