Бішкекте қазақстандық «террористерге болысты» деген күдікпен ұсталды

57 просмотров

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бүгін халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Шамо Мамедов есімді Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлады.

Комитет мәлімдемесінде 28 жастағы Мамедовтің Бішкекте 2 қыркүйекте болған терроризмге қарсы шаралар кезінде ұсталғаны айтылады.

Шамо Мамедов содырларды Сириядағы әскери іс-қимыл аймағына аттандырып отыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. МҰҚК жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Мамедовтың Қырғызстанға барған соң «тапсырма күтіп жатқаны» анықталғанын айтады.

Күдікті қамауға алынып, тергеліп жатыр.

Дереккөз: Азаттық 

Загрузка...