Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бішкек «гүленшілердің» мәселесі бойынша Анкараға жауап берді

«Біз түрік шенеуніктерінің алаңдаушылығына түсіністікпен қараймыз. Бірақ біз ең әуелі Қырғызстанның жақсы мен жаманды өзі айыра алатын егеменді ел екенін еске салғымыз келеді. Қайсыбір елдің сыртқы істер министрінің, ультиматум және бопсалау тілімен, өзге бір мемлекетке не істеу керектігін нұсқау – дөрекілік», – делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Чавушоғлу, Аланья қаласында жасаған баяндамасында, Қырғызстанның «гюленшілерге» көзқарасы өзгермесе, бұл жағдай екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді деп ескерткен. Түркия сыртқы істер министрі 25-шілдеде «HaberTurk» телеарнасына берген сұхбатында осы сөздерін тағы қайталап, Фетхуллах Гюлен қозғалысы Қырғызстанда күшейіп барады дегенді қоса айтты.

«Біз бірқатар елге ескерту жасадық. Мысалы, Қырғызстанның сыртқы істер министріне телефон соқтық. Өйткені олар (гюленшілер) Қырғызстанды Орталық Азиядағы базасына айналдырып алды. Олар билікке келе бастады және Қырғызстанда төңкеріс жасауы мүмкін. Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпынған террористік ұйымның қызметіне жол бермеу керек деп есептеймін», – деп мәлімдеген Чавушоғлу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз