Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

61 просмотров

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 49 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов шаршы алаңға екінші кезеңнен бастап шығады. Ол намибиялық Маттиас Хамуньеламен кездеседі. Бұған дейін Маттиас Хамуньела әзірбайжандық былғары қолғап шебері Руфат Хусейноты жеңген болатын.

Қос қарсылас ертең 8 тамызда кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, 6 тамызда бокстан 60 келіде өнер көрсеткен Берік Әбдірахманов жарыстан шығып қалды. Ол АҚШ-тың былғары қолғап шебері Карлос Бальдерастан жеңілді. 3 раундқа созылған тартысты бәсекеде шешімді төрешілер шығарды.

Енді бокстан 11 спортшы ел намысын қорғайтын болады.

Загрузка...