Биржада доллар қымбаттап жатыр

41 просмотров

Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары қамбаттауын жалғастырып жатыр. 14-маусымдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 337,05 теңге болып тұрақтады.

Таңертеңгі жағдаймен салыстырғанда америкалық валюта 2,3 теңгеге қымбаттады. Кешегі құнмен салыстырғанда ол 4 теңгеге өскен.

ҚР Ұлттық банктің 14-маусымға бекіткен АҚШ долларының бағамы 335,81 теңге болатын. Ал кешегі ресми бағам — 333,97 теңге. Демек, бір тәулік ішінде АҚШ доллары 4 теңгеге қымбаттады.

Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі сауда-саттық кезінде 35,3 миллион доллар саудаланған, америкалық валюта бойынша 70 келісімшарт жасалған.

Доллардың бұлайша күрт нығаюы халықаралық нарықтағы соңғы кездері өскен мұнай бағасының қайтадан құлдырауымен түсіндіріледі. Бүгіндері „қара алтынның„ бір баррелі 50 доллардан төмен саудалануда.

Загрузка...