Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бірыңғай валюта Еуразиялық экономикалық одаққа пайда әкелмейді – сарапшы

Бірақ бұлайша бүтін мемлекеттің ақшасына сұраусыз бәске тігуге болмайды. Мұны Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономист Вячеслав Додонов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев табыстың 10 пайыз көлемінде болғанын айтса да, нақты соманы жариялаған жоқ.Оның ойынша, еліміздің қаржы реттеушісі ондай өзгерістің болатынын алдын ала білген,

– Меніңше, сол жерде (Ұлттық банкте – авт.) нақты бір өте білікті адам отырды. Ол жағдайды кәсіби түрде бағалап, активтерді дұрыс басқара білді. Шын мәнінде, бұл өте жақсы шешім болды. Дегенмен, ондай нәрсемен мүлдем айналыспаған дұрыс. Себебі бұндай әрекеттер кәдімгідей бір адамның Forex-те ойнағанымен бірдей. Ұлттық банк ондай жұмыспен айналыспаса, жақсы болар еді.

Иә, табысты операцияның болғаны жақсы, балансқа да оң әсері бар. Алайда табысты операция тағы бір операцияны жасауға итермелейді. Ал оның аяқ жағы неге әкеліп соқтыратынын ешкім білмейді. Барлық операциялар табысты бола бермейді», – деді Вячеслав Додонов бүгінгі іс-шара барысында.

Айта кетейік, бүгін Астанада Вячеслав Додоновтың «АҚШ-тың әлемдік экономикадағы рөлінің өзгеруі: жаһандық тұрақтылыққа ықпалы» атты зерттеу еңбегінің таныстырылымы болды. Шара барысында маман экономика саласына арналған сан алуан сұрақтарға жауап берді.

Біз оның Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаны енгізу мәселесіне қатысты пікірін де білген едік. Вячеслав Додонов ол бастамаға үзілді-кесілді қарсы. Оның ойынша, бірыңғай валюта Еуразиялық экономикалық одаққа пайда әкелмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз