Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бір-бірінен айнымайтын егіз қыздар бір жігітке күйеуге шықпақшы (фото)

310

53

Қыздар бір мезгілде бала көтеру мәселесін қарастырып жатыр екен. Дегенмен қыздар жуық арада ана атануға асығып отырған жоқ. Олар «Біз екеуміз бір адамбыз» деп есептейді. Жақында қыздар SBS арнасындағы егіздер және уақыт өте олардың екіге бөлінуі туралы телешоуға қатысты. Онда егіздер өздерінің бір жігітпен төрт жыл бойы кездесетіндерін жасырмай айтқан.
«Егер Анна бірнеше метр жерді жаяу жүріп өтті делік, маған да тура сонша жерді жүруге тура келеді. Екеуміз бір мөлшердегі калорияны бірдей жоғалтуымыз шарт. Біз бір диета ұстаймыз. Тұтынатын тағамдарымыздың мөлшеріне дейін бірдей. Ол су ішсе мен де сонша су ішуім керек. Біз екеуміз екі жақта жүре алмаймыз. Жалғыз болсақ өзімізді жоқ деп есептейміз», – дейді Люси.

54

Егіздер бала күнінен бір-бірінен еш ажырап көрмепті. Олар бір балабақшаға барып, бір сыныпта оқыған. Колледжде де бірге білім алған. Олар бір-біріне ұқсастықты жоғалтып алмас үшін аптасына бір рет сәйкестікті салыстырып тұрады екен.
Олар өткен жылдан бері Youtube желісінде өздерінің парақшасын ашып онда түрлі қызықтарын айтып отырады. Қыздар қашықта жүріп бірінің ауырғанын екіншісі сезіп отырады екен.
Егіздер Бен Бирномен фейсбук арқылы танысқан. Жігіт алғашында екі бірдей бір-бірінен аумай қалған қыздармен кездесіп жүргеніне өзі таң қалған.

85

«Қыздардың біріне жасаған затты екіншісіне қайталауға тиіспін. Ол норманы үнемі сақтап отыруым керек», – дейді Бен өз сөзінде.
Желі қолданушылары егіздердің төсек қатынасындағы бір жігітті қалай бөлісетініне қызығушылық білдірген.
«Осы сұраққа жауап беретін болсақ, біз екеуміз де өте белсендіміз. Ал сүйіктіміз екі әйелді бірден қанағаттандыра алатын жағдайда»,-деп түсіндірген қыздардың бірі.
Егіздер төсек қатынасында үшеуіне ыңғайлы болу үшін арнайы үлкен кереует жасатқандарын да жасырмайды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз