Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Білім министрлігі ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай түсу мүмкіндігін қарастырады

Еске салсақ, 4 қазан күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының ара-салмағын қайта қарау сондай-ақ, жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейтуге байланысты бірқатар ұсыныс жасаған болатын.

Атап айтқанда, білім беру және ғылыми жұмыстарға магистрлер мен өндіріс мамандарын тарту және олардың профессорлық-оқытушылық құрамдағы үлесін 70% дейіне жеткізу мүмкіндігін қарастыру; магистрлер мен PhD докторларын дайындауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсуге ниетті талапкерлерді ҰБТ тапсырусыз, тек оқу орындарының ұйымдастырған емтихандарын тапсыру арқылы түсу мүмкіндіктерін қарастыру.

«ҚР білім және ғылым министрлігі Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының ұсыныстарын жұмыс барысына қабылдап, олардың нәтижелерін хабарлайтын болады», – делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

20161005180249

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз