Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрі Кәрiм Мәсiмов Бiлiм және ғылым министрiне Ақтөбеде ертең, 7-маусымда өтетiн Ұлттық бірыңғай тестілеу барысын жеке бақылауға алуды тапсырды, – деп хабарлайды BNews.kz.
– Балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында кеше кешкісін екi жердегi ұлттық бiрыңғай тестiлеудi 7-маусымға ауыстыру туралы шешiмi қабылданды. Барлық оқушылар, ата-аналар мен оқытушылар құлақтандырылды. ҰБТ барлық жерде штаттық режимде өтiп жатыр. Егер сiз тапсырсаңыз, мен Ақтөбеге барып, тестiлеу барысын бақылауға аламын», – деді Ерлан Сағадиев ҚР Премьер-министріне қарата айтқан сөзінде.