Биік өкше туфли киген Айнұр Тұрсынбаеваны жұрт сынап тастады

166 просмотров

Әлеуметтік желідегі жұртқа жағу қиын. Бұл сөзімізді айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева растай алады. 

Өзінің Инстаграм парақшасына биік өкше киіп түскен Айнұр сынға қалыпты. Айта кетсек, қазір айтыскер ақын өзінің жан құрбысы Алтынай Жорабаевамен бірге Түркияда демалуда. Дәл осы демалысында Айнұр  кемеде биік өкше аяқ киім киіп түскен суретін жүктеген болатын.

“Ерекше демалыс болды. Көңіл-күйім де ерекше. Тәтті түс көріңіздер, жақсыларым” – деп жазады Айнұр Тұрсынбаева суретінің тұсына.

Бірақ, желі қолданушыларын жұлдыздың демалысынан бұрын аяқкиімі қызықтырған екен. Көпшіліктің Айнұрдың киіміне үйлеспейтін туфли кигенін тілге тиек еткен.

“Өте әдемі сурет. Мына суретіңізге қарап мен демалып қалдым. Ерекшесіз. Сізге ұқсағым келеді”, “Бәрі керемет! Осылай әдемі болып жүріңіз, құрдасжан”, “Неткен нәзіктік, неткен сұлулық!”, “Айналайын Айнұр сіңлім, өмірде өз орны бар қазақтың ақылды келінісің. Барлығы жарасымды. Аман бол, бақыт тілеймін” дейді желі қолданушылары бір тобы.

Ал биік өкшелі туфлиі ұнамай қалғандар “Теңізде мынандай аяқ киім не керек?! Біздің қазақ байыбына бара бермейді ғой”, “Жайпақ аяқ киімі болғаны дұрыс шығар”, “Ия, расымен де, жайпақ аяқ киім кигені дұрыс қой”, “Аяқ киімі келіспей тұр”, “Барлығы керемет, тек аяқ киімі үйлеспей тұр” деген пікір білдірген.

000000-5

 

 

Загрузка...