Бетпе-бет: Путин мен Обаманың көзтіресі саяси қалжыңға айналды

344 просмотров

Қытайда 6-қыркүйекте өткен „Үлкен жиырмалық„ самиттінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуі болды.

Бұл кездесуге халықаралық БАҚ өкілдері жіті назар аударды. Өйткені бүгіндері бұл мемлекеттер соғыс жағдайында. Әскери болмаса да экономикалық тұрғыда. Ресей Украинаның Қырымын басып алғаннан кейін АҚШ пен Батыс елдері Ресейге экономикалық тұрғыда көптеген шектеу қойып, санкция жариялады.

Тіпті, Ресей экономикасын тұралату үшін халықаралық нарықтағы мұнайдың да бағасын түсіріп жатыр. Әрине, бұл өз кезегінде Ресей және басқа да шикізатты тәуелді елдердің экономикасына қатты соққы болып тиюде.

G20 самииті кезінде Владимир Путин мен Барак Обаманың бір-бірін жеп қоярдай түйіскен көздері мен сұп-суық түрін түсірген сурет Reddit порталында фото-шоп тәсілімен сан құбылып, жыртқыштардың нағыз айқасына айналған.

Интернетті қолданушылар екі елдің басшылары тағы қандай жағдайда осындай суық қалпымен кездесе алатынын қиялдап, фото-шоп жасап көрген.

Фото-шопқа „Риэлтор көзі лазер секілді атады„ деп аталатын танымал қалжың суретті қосуды да ұмытпапты.


Алайда Путин мен Обама осындай көңілсіз күйлерімен бірге бейбіт іспен айналыса алатындарын да ойлағандар табылған.

Reddit-тің жазылушылары Путин мен Обама бокс алаңында қарсылас немесе бір-бірімен жауласушы Bloods және Crips атты америкалық базбұзарлар тобының өкілдері бола алатынын да болжағандар бар.

Загрузка...