Бестөбедегі «Қазақалтын» ЖШС шахтасында орын алған оқиғаға байланысты екі күзетшісі уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, олардың үстерінен қылмыстық іс қозғалды.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі екі күзетшінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалғанын жеткізген.
ҚР Ішкі істер министрлігі жарақаттанғандар саны 10 адам деп отыр. Бірақ Бөстөбе ауылы әкімдігінің өкілдері зардап шеккендер саны 14 адам дегенді алға тартады. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілген екен. Олардың арасында заңсыз алтын іздеушілер де бар көрінеді.