Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бестөбедегі атыс: Ішкі істер министрлігі не дейді?

Степногорск қаласы жергілікті атқарушы органдары мен прокуратураның, облыстық ІІД мен қалалық ІІБ басшылығының түсіндіру жұмыстарынан кейін адамдар үйлеріне тараған. Алайда дау әлі шешілген жоқ. Осы мақсатта арнайы дөңгелек үстел өткізу ұйғарылыпты.

“Жұмысшылар мен күзетшілер арасындағы даудың салдарынан 10 адам зардап шекті. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі 2 бөлігіне («Бұзақылық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле бастады. Оқиғаның мән-жайы мен кінәлі тұлғалар анықталып жатыр. Қазір кенттегі жағдай тұрақталды”, – деп атап өтті ІІМ.

Айта кетелік, 17 маусым күні Ақмола облысындағы “Қазақалтын” кенішінде қызметкерлер мен заңсыз алтын іздеушілер арасында атыс болған.

Ішкі істер министрлігі жарақаттанғандар саны 10 адам деп отыр. Бірақ Бөстөбе ауылы әкімдігінің өкілдері зардап шеккендер саны 14 адам дегенді алға тартады. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілген екен. Олардың арасында заңсыз алтын іздеушілер де бар көрінеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз