Бестөбеде шахтерлер мен кеніш күзетшілері арасында болған төбелестен екі полиция қызметкері зардап шекті.
Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен облыстық ІІД басшысы Ержан Сәденов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Бестөбедегі оқиға бұзақылыққа жатады.
– «Мыс Орда» күзет фирмасы мен «Қазақалтын» ТМК» АҚ шахтерлері арасында болған төбелестен 14 адам зардап шекті. Оның екеуі – полиция қызметкері. Сондай-ақ, жеке қарудан жұмысшыларға оқ атқан екі күзетші фирманың кепілімен босатылды. Қазіргі кезде, мұнда жағдай тұрақты. Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Ержан Сәденов.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі 2-бөлігіне («Бұзақылық») сәйкес, сотқа дейінгі жүргізілген тергеу амалдары барысында күзет фирмасының қызметкерлері қару қолданғаны анықталды. Кейін күдіктілер, яғни, аталған кен орнының екі күзетшісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалған болатын.