Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Берлинде Қазақстан студенттерінің алтыншы форумы өтті (ФОТО)

Шараға Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов, Бундестаг депутаты Карин Штренц, ГФР СыртқыІсМині елдік реферат директорының орынбасары Андреас фон Брандт, қазақстандық «Астана жастары» жастар орталығының, ГФР білім беру мекемелерінің жетекшілері мен өкілдері, сондай-ақ неміс университеттерінде әртүрлі мамандықтар бойынша оқып жатқан Қазақстан студенттері қатысты, деп хабарлады ҚР СыртқыІсМиннің баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларды Ұлт жоспарының негізгі мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды.

20160525212122

Б.Нүсіпов «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда Қазақстанның жас ұрпағына – тәуелсіздік құрдастарына аса зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті, олар алған білімдерінің, кәсібиліктерінің, сондай-ақ Отанға берілгендіктерінің арқасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған мемлекетті дамыту мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге өз үлестерін қосулары тиіс. Осыған байланысты ол жастарды білім алу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

К.Штренцтің айтуынша, студенттерді осылайша кең ауқымда қолдаумен кез келген ел мақтана алмайды, соның арқасында әлемнің жетекші оқу орындарында білім алудың зор мүмкіндігі ашылып отыр. Неміс депутаты қазақстандықтарды биылғы жылғы тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады және Қазақстандық-германиялық қоғам төрағасы ретінде қазақстандық студенттерді екіжақты ынтымақтастық жобаларына белсене қатысуға шақырды.

Шара аясында оған қатысушылар өзара белсене пікір алмасты. Қазақстан жастарының өкілдері Мемлекет басшысына жас ұрпақтың кәсіби даярлығына және дамытуға тікелей өзі зор көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. 1993 жылдан бастап Германияда әртүрлі мамандықтар бойынша, «Болашақ» бағдарламасының 300-ден астам стипендиаттары оқуларын аяқтады. 2008 жылдан Берлинде «Болашақ»  халықаралық бағдарламалары орталығы» АҚ-ның ресми өкілдігі жұмыс жасайды.

Бұл күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Еуропаның беделді концерт залдарының бірі – берлиндік Columbia Theater концерт-холлында қазақстандық танымал «Ұлытау» этно-рок тобы өнер көрсетті.

20160525212118

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз