Бельгияда лотереядан 6 миллион еуро ұтқан адам жүлдесінен қағылды

340 просмотров

26 наурызда ұлттық лотереядан 6 миллион еуродан астам ақша ұтқан Брюссель тұрғыны өзінің жүлдесін алуға белгіленген соңғы күні де төбе көрсетпепті.

Осылайша ол өміріндегі ірі ұтысынан айырылды деп мәлім етті журналистерге Бельгияның ұлттық лотерея өкілі. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.

Жеңімпазды іздеп, барлық жерге хабарландыру ілінген. Бельгия газеттерінде үш ресми тілде (француз, голланд және неміс тілдерінде) тиісті хабарлама берді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, әңгіме осы лотерея тарихындағы ең ірі ұтыс жөнінде болып отыр. Ұтыс билеті 13 тамызға дейін жарамды болатын.

Бельгиялда 2008 жылғы желтоқсанда да лотерея жеңімпазы 1 миллион еуро жүлдесін алуға келмеген жағдай тіркелген болатын.

Бельгиядағы ең ірі 100 миллион еуро болған ұтыс 2007 жылы EuroMillions лотереясында тіркелген.

Загрузка...