Белгісіз жан Маңғыстаудағы ауруханаға медициналық 20 кереует сатып алып берді

78 просмотров

Атын атамаған ақтаулық Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 2,5 миллион теңгеге 20 кереует сатып алып берді.

Ақтау тұрғыны өткен жылы аурухана басшылығымен кеңесіп, өз қаражатына балаларға арналған медициналық мақсаттағы кереуеттер сатып алған деп хабарлады ҚазАқпарат.

— Жас жігіт балаларға не сатып алсам болады деп сұрады. Қымбат тұратын медициналық мақсаттағы кереует қажет екенін айттым. Олар түрлі аурулармен ауыратын 3-13 жас аралығындағы балаларды сауықтыруға арналған. Аурухана ұжымы, ата-аналар мен балалар жігітке қамқорлығы үшін рахмет айтып, алғыстарын білдіруде, — деді аурухана бас дәрігері Сара Ермұханова.

Кереуеттің алдыңғы және артқы жағы тізеге дейін түсіріледі. Медициналық қызметкердің науқасқа ем-дом жасауына ыңғайлы. Төрт дөңгелегі бар, екеуі — тежегішпен, екеуі — тежегішсіз. Кереует жамылғысы гигиеналық өңдеуге, зарасыздандыруға өте төзімді.

«Ата-аналары балалары үшін алаңдамайтын болды. Екі жағы көтерілетін кереуеттен балалар ұйықтап жатқанда, құлап кетпейді», — деп атап өтті Сара Ермұханова.

Мұсылмандар жасаған жақсылығын жария етпейтінін баса айта кетелік.

20160804183945

20160804183912

Загрузка...