Минск орталығында ондаған белсенді парламентке сайлау нәтижелеріне қарсы наразылық шарасын өткізді.
Минск орталығында ондаған белсенді парламентке сайлау нәтижелеріне қарсы наразылық шарасын өткізді.
Бұл туралы Азаттық жазды. Сайлауды «әділетсіз өтті» деген белсенділер жаңадан дауыс беруді талап еткен плакаттармен шыққан. Президенттікке бұрынғы үміткер Владимир Некляев: «Сайлау болған жоқ. Бұл тағы бір саяси фарс», – деп мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, 20 жылдан бері тұңғыш рет оппозициялық партиялардан парламентке екі өкіл өткен.
Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушы миссиясының жетекшісі Кент Харстед Азаттыққа берген сұқбатында «сайлау «әділетсіз, жабық өткен жоқ» дегенді айтты.
Парламенттегі депутаттардың басым көпшілігі президент Александр Лукошенконың жақтастары. 1990-жылдардан бері Беларусьте өткен сайлаулардың бірде бірі ашық және демократиялық түрде өтті деп мойындалған жоқ.