Бекмамбетов Головкин туралы деректі фильм түсіреді

31 просмотров

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық кәсәіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсірілетінін мәлімдеді.

Туындыны белгілі кинорежиссер, жерлесіміз Тимур Бекмамбетов түсіреді.

«Кеше ғана Тимур Бекмамбетовпен кездестім. Біз Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсіруді талқылап, жоспарладық. Геннадий — өте мықты жігіт, ұлы чемпион, Қазақстанның мақтанышы» — деді министр «Время» газетіне берген сұхбатында.

Ақпан айында британдық Superb Films Corporation компаниясы да қазақстандық боксшы туралы фильм түсіруді жоспарлап отырғандары туралы хабарлаған болатын.

Загрузка...