Ғаламтор желісінде Бекболат Тілеухан мен Данияр Елеусіновтің жекпе-жек алдында Whats App арқылы сөйлескен сөзі тарап кетті.
Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
«Жазбада Бекболат Тілеуханның спортшыға аудиожазба жолдағанын, оған спортшының алғыс білдіргенін көруге болады. «Аминь! Рахмет, Бекболат аға! ИншаАллах алтын аламын» деп жазады Елеусінов.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елеусінов бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Олимптің ең биік шыңына көтерілген Данияр Елеусінов ата-анасына және барша жанкүйерлерге алғысын айтты.