Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен кететінін мәлімдеді

378

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Қазақ күресінен кетуім мүмкін. Бірақ, бұл мәселені бапкеріммен ақылдасуым қажет. Бір жағынан, жас та келді. Сондықтан жастарға орын берсек пе деген ой бар», – дейді жеңімпаз.

Сонымен қатар, Бейбіт Ыстыбаев жеңісін кімге арнайтынын ерекше ықылыспен жеткізді.

– Өздеріңіз білесіздер, Елбасының туған күні және Астананың 18 жылдық мерейтойы келе жатыр. Осыған орай, өзімнің атымнан және ҚР Қазақ күресі федерациясы атынан жеңісімді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаймын, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, «Қазақстан Барысы» турнирінің 3 дүркін жеңімпазы осы жылғы жарыстың несімен есте қалғандығын айта кетті.

– Биылғы «Қазақстан Барысы» турнирі өте тартысты өтті. Қарсыластарым осал болған жоқ. Осы жарыста үш рет топ жардым. Осы жылғы бәсеке сонысымен есте қалды. Ал, 25 млн теңгенің жұмсалатын өзінің орны бар. Үйде жеңгең отыр. Екеуіміз ақылдасамыз, – деп түйіндеді сөзін балуан.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада өткен ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» VІ республикалық турнирінде Бейбіт Ыстыбаев жеңімпаз атанып, алтын белбеуге ие болды. Турнирдің күміс жүлдесі оңтүстік балуаны Жұманазар Ерсұлтановқа бұйырса, Айбол Айтбек қола жүлдегер атанды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз