Баянның күйеуі алатын жазасын алды – психолог

192 просмотров

Психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова Баян Мақсатқызының күйеуін кешіру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Психологтың айтуынша, продюсерге мұндай шешім қабылдау оңай соқпады. «Баян ханым қазақ әйелдеріне үлгі болды. Егер де психоанализден бөлек, дін жағынан алып қарасақ, барлық психотерапевт пен дін қызметкері адамдарды бір-біріне кешіріммен қарап, бейбіт жолмен шешім қабылдауға шақырады. Меніңше, ерлі-зайыпты ашу мен ызадан өтіп, осындай шешімге келді. Меніңше, мұндай шешім қабылдау Баян ханымға оңай соқпады (…)», — деді Анна Құдиярова.

Сондай-ақ, психолог продюсердің әйелдердің құқығын қорғау туралы райынан қайтуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Менің ойымша, оның күйеуі алатын жазасын алды. (…) Оған да көптеген жағымсыз пікірлер мен қарғыстар айтылды. Сіздер ұмытпаңыздар, Баян ханымның шешімінде ананың балаға деген махаббаты да бар. Ол қыздарының әкесін кешірді. Балаларының әкесін түрмеге қамап тастау деген сөз баласына деген махаббаты жоқ екенін білдіреді. Қандай ана ондай әрекетке барады?», — деп түсіндірді психолог.

Ал басқа психологтың айтуынша, Баян Мақсатқызының күйеуін кешіруі қазақстандық әйелдердің көңілін қалдырды. «Кейбір әйелдерге Баянның шешімі үлгі болды. Ол өзінің басынан өткен оқиға арқылы мұндай жағдаймен күресіп, үндемей отыра беруге болмайтынын көрсетті. Бірақ ол қазір сотта күйеуін кешірді. Бір жағынан бұл зорлық-зомбылықтың жалғаса беретінін көрсететін сияқты. Сотқа дейін күйеуімен күрескен әйел халыққа әділдіктің бар екенін көрсете алды. Бірақ соңында Баянның өз сөздерінен айнып, осындай шешім қабылдағаны көптің көңілін қалдырды», — деді дағдарыс орталығының маманы.

88

Загрузка...