«Махаббат бекеті» деп аталатын фильмді көрмеген адам кемде-кем шығар. Басты рөлді Баян Мақсатқызы сомдаған кинотуындының жалғасы түсірілгелі жатыр екен.
Бұл жаңалықтың шет-шағасын өзінің Инстаграмдағы парақшасында Баян Мақсатқызы шым-шымдап жеткізіпті. Өзінің жас кезіндегі сомдаған образының суретін жариялаған продюсер: “Махаббат бекеті” to be continued (ағылшын тілінен аударғанда – жалғасын табады)”, – деген жазба қалдырыпты.