Ғаламторда танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаеваның сауыққаннан кейінгі суреті жария болыпты.
Алайда бұл ақпараттың қаншалықты рас екені әзір белгісіз. Сурет демалыс күндері Іnstagram әлеуметтік желісіндегі beautyroom_dsatzhan (“Beauty Room” Астанадағы оқу орталығы) деп аталатын парақшада жарияланған екен.
“Біздің орталыққа ең талғампаз деген адамдардың өзі сенеді!” деп жазылған суретте. Баян Есентаеваның жанында белгілі тележүргізуші, Динара Сәтжан отыр.
Ал суретке қатысты пікір білдірген әлеуметтік желідегі оқырман қауым Есентаеваның қысқа уақытта аяғынан тұрып, тезірек сауығып кеткеніне қуанышын білдіріпті.