Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты істің сұмдық жай-жапсары белгілі болды

12 950 просмотров
Баян Есентаеваның күйеуі әйелін өлтірмек болғаны үшін ғана емес, оны зорлағаны үшін де айыпталған.

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
Оқиғаның сұмдық жай-жапсарын сайтқа Алматы облыстық прокуратурасы хабарлаған.
«Өзінің көлігінде Бақытбек Есентаев жұбайын алдымен зорлаған, содан кейін төрт жерден оған пышақ салған»,-деп прокуратурадағылар сотқа дейінгі тергеудің бүге-шігесін айтып берді.
Прокуратураның мәліметі бойынша, Бақытбек Есентаев кемінде 12 жылға бас бостандығынан айрылады.
Алматы облыстық прокуратурасы Бақытбек Есентаевтың қылмыстық ісін сотқа жіберді. Ол өзінің жұбайы –
белгілі қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны өлтірмек болғаны және оны зорлағаны үшін айыпталып отыр.
Осы жасаған қылмыстары үшін оған кемінде 12 жыл бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр», — деп жазылған мақалада.
Бұдан бөлек, Баян Есентаева күйеуін ешқашан кешірмейтінін мәлімдеген. Белгілі продюсер тергеушілерден оны барынша қатаң жазаға тартуды сұрады.
Ал, Баян Есентаеваны соққыға жығу ісі сотта жабық режимде қаралады.
«Бұл істі  айуандықпен қылмыс жасалған жердегі Талғар аудандық соты емес, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған Алматы облыстық соты қарайды. Отырыстардың барлығы жабық режимде өткізіледі»,-делінген материалда.
Естеріңізде болса, Баян Есентаеваны неліктен күйеуі соққыға жыққаны жайында Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы, Бекболат Жексейітов айтып берген еді.  Оның сөзіне қарағанда, Есентаеваның күйеуі бұл әрекетке отбасын сақтап қалу үшін барған, әрі ол өзінің бұл әрекеті үшін өкінеді. Қорғаушының айтуынша, Бақытбек Есентаев уақытша тергеу изоляторында жатқандықтан, оның Баянмен байланысқа шығып, одан кешірім сұрауға мүмкіндігі жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын.
Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан.
Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққыға жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді.
Күдіктіні тұтқындау мерзімі қыркүйектің онына дейін ұзартылды.
20 маусымда Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.
Жұлдыздың өміріне бей-жай қарай алмайтын қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау науқанын жариялады.
Баян Есентаеваның Талғар ауруханасындағы реанимацияда жатқан сәтін рұқсатсыз түсіріп, фотосын әлеуметтік желіге жариялау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Продюсердің сіңілісі Бағым Мұхитденова суретке түсірген аурухана қызметкері жазаға тартылатынын айтқан болатын.
Бұған дейін Баян Есентаева Today.kz тілшісіне берген сұхбатында күйеуінің өте қызғаншақ екенін мәлімдеді.
«Ол өте қызғаншақ, біз бір-бірімізге ұзақ уақыт бойы үйреністік. Мен үш рет ажырасқым келді, алғашқы он жылды соғыс деуге әбден болады», — деген пікірімен бөліскен еді қазақстандық белгілі продюсер.
25-тамызда шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді.
59fc3455-1937-4ec1-8db6-cf6a61466ffd
Загрузка...