Баян Есентаева пышақталып, жан сақтау бөлімінде жатыр

191 просмотров

10 маусымда сағат 12.05 кезінде қансыраған Баян Есентаева Талғар аудандық ауруханасына келіп түсті. Дәрігерлер отандық танымал продюсердің бас миына зақым келгенін, пышақталғанын айтады.

Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы BNews.kz ақпарат агенттігіне Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Асхан Байдувалиев мәлім еткен.

— Әзірге, бірнәрсені тұжырымдап айту қиын. Оның жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланды. Біздің дәрігерлер оған кеше ота жасады. Әзірге ол жан сақтау бөлімінде жатыр, — деді Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері.

Алдында кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаның Құлжа трассасы бойында орын алғанын, Алматы облыстық ішкі істер департаментіндегілер күдікті ретінде продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаевты құрықтағанын хабарлаған.

Загрузка...