Баян Есентаева өзінің Инстаграмдағы парақшасына жаңа суретін жүктеген екен. Бұл жолы ол жұртқа бет-жүзін көрсетуді жөн деп тауыпты.
Байқаймыз, “Баян неге суретке теріс қарап түседі?” жұрттың реніші продюсердің құлағына шалынған болуы керек.
Ал әлеуметтік желідегі қауым оның суретін қарап, Баянның жағдайы жақсарып қалғанын болжапты. “Баян, ертерек сауығып кетіңіз. Жұмысыңызға қайта оралуға тілектеспіз. Жаңа жобалар күтеміз” деп жазған екен желі қолданушылары.
Айта кетелік, биылғы жылдың 10-шы маусымында продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жыққан. Баян Талғар аудандық ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Әзіргі күні актрисаның жұбайы тергеу абақтысында жатыр.