Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Баян Есентаева: “Күйеуім ажырасар болсаң, өлтіріп тастаймын деп қорқытты” (видео)

190

20160908092321

«Өзімнің басымнан өткен жағдайды бүкіл елге айтуға мәжбүрмін. Себебі, көптеген әйелдер қауымы осындай қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Оларды өз күйеуінен ешкім қорғамайды. Себебі, заң білмейді. Мен дәл осындай жағдайды басымнан өткердім. Осы себепті де әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғайтын ұйым құрмақ ойым бар. Жақын адамыңнан жапа шегудің қандай болатынын өз басым жақсы білемін” дейді Баян. 

“Мен күйеуімнен оңбай таяқ жедім. Алайда әйелдер құқығын қорғайтын ешбір ұйым  маған хабарласқан жоқ. Халімді де, жағдайымды да сұрамады. Бізде мұндай әйелдер қауымдастықтары жұмыс істейді. Алайда ендігі жерде нақты іспен айналысатын, әйелдердің құқығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде қорғайтын ұйым құру қажет” дейді продюсер. 

Баянның айтуынша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен ресми түрде күресу керек. Әйелдер өз құқығын білуі тиіс. 

“Мен күйеуімді жақсы көрген жоқпын. Тек уақыт озған сайын үйреніп кеттім. Бірақ соңғы екі жыл адам төзгісіз болды. Сондықтан да соңғы кездері ажырасу туралы ойлана бастадым. Алайда күйеуім “ажырасар болсаң, өлтіріп тастаймын” деп қорқытты. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз