Баян Есентаева ел алдына амалсыздан шығыпты

2 529 просмотров

Баянның туған апайы, продюсер Бағым Мұхитденова өзінің Инстаграмдағы парақшасында күллі елге қарғыс айтқандай болған екен.  

 Бағым Мұхитденова Баян Есентаеваның ел алдына мәжбүрліктен шыққанын айтып, қынжылыпты және бұған БАҚ өкілдерін кінәлаған екен.

12424735_1769010899977694_448694473_n-1

«Танымалдылық…мұның төлемі ауыр. Сені ешкім аямайды. БАҚ өкілдерін айтамын. Оларға сенің жеке өмірің ғана қызықты. Неге? Қалай? Не себепті? Бекер емес, себебі бар. Сауап болды. Жазасын алды. Желідегі адамдардың пікірін оқып отырып, қаным қайнайды. Олар ажалдың дәл аузында болып көрді ме? 

Баянға тілегендеріңізді Алла өздеріңізге екі еселеп қайтарсын. Телеарналарға тек рейтинг керек. Ал журналистерге біреудің жеке өміріне тұмсық тыққан қызық. Оларға Баянның дәл қазір қандай жағдайда екені маңызды емес. Олар бұл туралы ойланбайды да.

Егер журналистер болмаса, журналистер Баянның жеке өміріне араласпаса ол күллі елдің алдына шығып мұндай сұхбат бермес еді. Ол бұған амалсыз барды. Ал журналистер…Олардың әрекетін ойласам қаным қараяды, жүрегім ауырады», – деп жазыпты продюсер. 

Шынымызды айтсақ осы жазбасы арқылы бұл кісі өз жарнамасын жасап отырғандай көрінді бізге. Баянды ел алдына журналистер зорлап шығармағаны анық қой. Ол шоу-бизнесті өзі таңдады. Ол бұл жолды өзі таңдады. Ол әрдайым елдің назарында жүрерін білді. Ол бұл жолдың ауыр боларын білді. Бұл үшін журналистер жазықты ма?  

Популярность … плата за популярность жестока … Тебя не жалеют СМИ и Телеканалы … Всем интересна твоя ЛИЧНАЯ жизнь … Что, Как ,Почему, За что ,Не просо так , было за что , САУАП БОЛДЫ , ЗАСЛУЖИЛА — это всё коменты людей которые даже и представить не могут , что такое быть на миллиметр от смерти ?! Пусть вам АЛЛАХ даст вдвойне того , что вы желаете Баян !!! Рейтинги ТЕЛЕКАНАЛОВ диктуют свои правила 👆🏻 для журналистов важно покопаться в личной жизни не задумавшись ни на секунду , а каково сейчас Баян , что переживают её дети , что переживают её родители ( вас даже не смущает тот факт, что вы коллеги ) ?! Если бы СМИ не качали тему личной жизни ( ещё раз повторяю ЛИЧНОЙ ) жизни Баян , этого интервью и не было бы ! Это вынужденное интервью , это же ясно , но только не для наших сми и телеканалов !!! Я возмущена , мне больно от всего этого …

A photo posted by Bagym Mukhitdenova (@bagym_m) on

Загрузка...