Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Баян Есентаева жұмысқа кіріскелі жатыр

Алайда Бағым Мұхитденова көп ұзамай оның іске білек сыбана кірісетінін айтып қалды.

– Өмірде әртүрлі жағдай болады. Бірақ ол тоқтап қалмайды, сондықтан бір сәтке де мүдіруге болмайды! Жуырда “KeshYou” жаңа ән жазады. Ол ән менің санамда дайын тұр. Ал бұл дегеніміз жуырда жаңа бейнебаянның куәсі боласыздар деген сөз. Баян маған “Тоқтама, жұмыс істе, мен де жуырда қатарға қосыламын” деді. Қысқасы барлық жақсылық әлі алда болмақ! – дейді ол.

Бұл хабарды естіген желі қолданушыларының қуанышында шек жоқ. Олар “Күтеміз”, “Сәттілік”, “Әр қазақтың қызында Баян ханым сияқты күш-жігер, өзіне деген сенім болса, шіркінІ Алла пендесіне өзі көтере алатындай сынақ береді екен”, “Жарайсыңдар!”, “Біз тек қана қуанамыз” сынды тілектермен жылы лебіздерін білдірген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз