Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бауыржан Момышұлының суретін салғандар айыппұлдан қорыққан

122

Патриоттық рух беретін стрит-арт стиліндегі дүниені жергілікті қылқалам шеберлері салған.

Суретшілер осымен үшінші жыл қатарынан бұл қабырғаға патриоттық рухтағы суреттерді бейнелеп келеді. Алайда туындының авторлары өздерін насихаттаудан бас тартады. Өйткені олар жергілікті билік айыппұл сала ма деп қорқады.

Ал жергілікті әкімдік көше суретшілерін үш жылдан бері ешкім іздемегенін, егер туындылары патриоттық сипатта болса, оларға ешкім айыппұл салмайтынын айтып отыр.

Суреттің ұзындығы – 12, ені 4 метрді алып тұр. Қабырғадағы батырдың суретінің жанына «Өршіл рухтан өлмес ерлік туады» деген рухты сөзі де жазылған.

Суретшілер өткен жылы Жеңістің 70 жылдығында Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тігіп жатқан сәтін салған екен. Одан бұрын қабырғаға қазақтың қос батыр қызының бірі – Әлия Молдағұлованың суретін бейнелеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз