Бауыржан Байбек пәтер иелері кооперативтерін сынға алды

32 просмотров

Бүгін Алматы қаласының әкімі қаладағы Пәтер иелері кооперативі (ПИК) мәселелері туралы жиналыс өткізді. Жиналысқа Нұр Отан ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Омарбекова, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Қалдыбай Қазанбаев, қалалық басқармалар мен ПИК басшылары қатысты.

13336238_778926965542319_832748442_nЖиналыс басында өзінің де көпқабатты үйде тұратынын, ПИК өкілдерінің жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан әкім жылына ПИК-ке қатысты 2000-нан астам шағым түсетінін, әкімдіктің Instagram жүйесіндегі парақшасына 70 мың адам жазылған болса, соның 75 пайызы ПИК жұмысына шағымданатынын айтты.

Жалпы қалада 8000 тұрғын үй болса, оларға 800 ПИК қызмет көрсетеді екен.

Алматы қаласы Тұрғын-үй басқармасының басшысы Қайрат Нұрқаділовтің айтуынша, қаладағы тұрғын үйлердің жартысынан астамы, яғни 4200 үй күрделі жөндеуге зәру. 2011 мен 2015 жылдар аралығында 227 үйге ғана 1 млрд 800 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ал, Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, Нұр Отанның қоғамдық қабылдауына түсетін шағымдардың 20 пайыздан астамы балабақшалар мен ПИК-терге қатысты.

Сонымен қатар, әкім Бауыржан Байбек Алматы қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің басшысына ірі ПИК-тердің қызметін тексеруді тапсырды.

«Себебі, қалалық ПИК-тер 2015 жылы тұрғындардан өз қызметіне деп 4,6 млрд теңге жинап, кәсіпке қатысы жоқ қызмет түрлерін көрсетіп, тиесілі шаршы метрлерді жалға беріп, 1 млрд теңгеден астам пайда көрген. Сөйте тұра көпқабатты үйлердің дәліздері қанша уақыттан бері жөндеу көрмесе, аулалары тозған. Сондықтан, осы мәселелердің бәрін реттейтін қоғамдық кеңес құрып, ПИК-тердің жұмысын қалыпқа келтіретін қоғамдық кеңес құрылсын!» — деді әкім Бауыржан Байбек.

Загрузка...