Бауыржан Байбек Алматыдағы атыстан зардап шеккен полицейлердің жағдайымен танысты

52 просмотров

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жедел жәрдем ауруханасына барып, онда атыс кезінде жараланған полицейлердің жағдайын білді. Сонымен қатар, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Кеше қайғылы оқиға болып, соның салдарынан полицияның бес қызметкері қаза тапты. Қылмыскерді 25 минутта қолға түсірген қаланың тәртіп сақшыларының жұмысына жоғары баға бергім келеді. Өкінішке қарай, қаза болғандар бар. Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек жасалатын болады», – деді Байбек.

Қала басшысы қаза болған әр полицейдің отбасы  5 млн теңгеден алатынын айтып өтті.

«Бүгін басқа ауруханада жатқан өзге де зардап шеккендердің жағдайын білетін боламыз. Сонымен бірге зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына барамыз.  Полицейлердің ұйымдасқан жұмысының арқасында қарулы адамның әрекетіне тез арада тосқауыл қойылды», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Загрузка...