Бауыржан Байбек: Алматы зообағы жекеменшікке берілмейді

36 просмотров

Алматы әкімі Бауыржан Байбек соңғы кездері БАҚ назарына іліккен зообақты аралады.

 

Әкім зообақ басшылығына соңғы жылдары орын алған жағымсыз оқиғалардың орнын толтыру үшін бірқатар мәселені шешу керектігін айтты. Оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бар.

Әкімнің айтуынша, зообақ коммуналдық меншікте қалады.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, басында зообақ кімнің меншігінде екенін шешіп алу керек. Бүгін Партияның ұсынысына орай айтарым, ешқандай сенімді басқаруға берілмейді, ол коммуналды меншікте болады. Зообақтағы  жағдай үшін жауап беретін директор бар. Меценаттардың көмегі қабылданады. Бірақ, зообақты жекеменшікке беруге болмайды», — деп кесіп айтты әкім.

Қала басшысы өз көзімен көрген кемшіліктерін жіпке тізіп, зообақ директоры Қанат Кәрімовке тез арада жоюды тапсырды.

20160520153510

Загрузка...