Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы жеке кәсіпкердің мүддесін жақтағаны үшін жұмысынан босатылды.
Тергеу барысында анықталғандай, Ерлан Сапаров белгіленбеген жерлерге мұнай қалдықтарын төккен серіктестікке көз жұма қарап, керісінше оң қорытынды шығарып берген деп хабарлады 24.kz.
Серік Орынғалиев, Облыстық Прокуратура басқармасының прокуроры:
– Ветеринариялық дәрігерлер өздерінің жеке уақыттарын үнемдеу мақсатында ең бірінші ірі шаруа қожалықтарының жануарларын вакцинамен егеді. Осының нәтижесінде шағын шаруа қожалықтарының және жеке тұлғалардың үй жануарлары толық көлемде вакцинамен қамтамасыз етілмейді. Үй жануарларын вакцинамен егу туралы жалған актілерді толтыру деректері анықталды.Мысалы, Бөрлі ауданында жануарды вакцинамен егудің жүргізілмеудің 324-тен астам дерегі анықталды, бұл туралы мәлімет тізімдеме актісінде көрсетілген.