Батыс Қазақстандағы тамадалар той жүргізгенде жер туралы жырлайды

136 просмотров

Әлеуметтік желілерде тойда жер мәселесін көтеріп, өлең оқыған асабының видеосы кеңінен талқыланып жатыр.

Интернетте пайда болған бұл видеодан аңғарғанымыздай, той еліміздің батыс өңірінде өтіп жатқан секілді. Өйткені, Батыс Қазақстан облысы — қазақтың жыраулық дәстүрін сол күйінде сақтаған өңір.

Мұнда тойларда үлгі-өнегеге толы өлеңдер оқу үрдісі кеңінен қолданылады. Міне, осы жыраулар стиліне салған асаба тойда жер мәселесіне қатысты былайша арнау жыр айтады:

…Осы топырақ үшін бір әкеміз жанын берді,
Бір әкеміз қанын берді.
Шешелеріміз жесір қап, көз жасының бәрін берді.
Олар Тәуелсіздікті көрген жоқ,
Бірақ олар — сүйегі жатқан қара топырақ, саудаға салынсын деп өлген жоқ…

Загрузка...