Батыс Қазақстан облысында екі тұтқын уақытша тергеу абақтасынан қашып кетті

44 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу абақтысынан екі тұтқын қашып кетті.

Қашып кеткендер — 1991 жылы туған Г.Шестопалов пен 1996 жылы туған П.Черный. Олар түнгі сағат 02:30 шамасында мекеменің апаттық жағдайға арналған бөлігі арқылы қашып кеткен.

Осыған байланысты қазір Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Тимурлан Исмайылбаевтың хабарлауынша, П.Черныйға ұрлық және алаяқтық әрекеттерін жасады деген айып тағылса, Шестопалов қарақшылық жасағаны үшін қамауға алынған.

Шестопалов бүгін Ақсай қаласындағы №10 шағынаудан аумағында қолға түсті. Ал Черныйға іздеу жарияланды.

Загрузка...