Бас прокурор Сербияның бас прокурорымен кездесті

27 просмотров

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов Сербияның Бас прокуроры Загорка Доловацпен кездесті.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар алдағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, ұстап беру және сотталғандарды беру туралы шарттар жасасу аясында Қазақстан мен Сербия арасындағы халықаралық-құқықтық қатынастар перспективаларын талқылады.

Екі ел ведомстволарының басшылары халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпы стратегиялық міндеттерге байланысты мәселелер жөніндегі ықпалдастықты нығайтудың өзектілігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде Жақып Асанов Загорка Доловац ханымға келешектегі екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың қомақты әлеуетін атап өтіп, жылы қабылдауына және сындарлы диалогқа шынайы ризашылығын білдірді.

 

Загрузка...